Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп Иранның жаңа жоғарғы көсемін де жоя ма?

/
Трамп Иранның жаңа жоғарғы көсемін де жоя ма?
Сурет: ашық дереккөзден

Дональд Трамп, егер Моджтаба Хаменеи Иранның ядролық бағдарламасын жалғастыратын болса, оның көзін жою операциясын қолдау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, АҚШ президентінің айналасындағылар, егер Иранның жаңа жоғарғы басшысы Вашингтонның талаптарын, соның ішінде ядролық қару жасауға қатысты шарттарды қабылдамаса, мұндай қадамды қолдауға болатынын жоққа шығармайды.

Американың бұрынғы және қазіргі шенеуніктері басылымға Израильдің «Хаменеидің көзін жоюға бағытталған операция» жүргізуі мүмкін екенін хабарлап, Иран лидерлерін қудалауда Израильдің «жетекші рөл» атқаратынын атап өтті.

WSJ дереккөздері Вашингтонның Моджтаба Хаменеиді «әкесінің жолын қуған қатал ізбасар» деп санайтынын айтады. Олардың сөзінше, АҚШ әкімшілігі оны Иранның ядролық қаруға ұмтылысынан бас тартады немесе қақтығысты АҚШ-қа тиімді шарттармен тоқтату туралы келіссөз жүргізеді деп күтпейді.

9 наурызға қараған түні Иранның Сарапшылар кеңесі 56 жастағы Моджтаба Хаменеидің ислам республикасының жаңа жоғарғы басшысы болып сайланғанын растады.