Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Алмаз Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, Президенттің өкімімен Алмаз Жеңісұлы Джумакеев жаңа қызметке тағайындалып, бұрын атқарған лауазымынан босатылған.
Айта кетейік, Алмаз Джумакеев 2021 жылы Қорғаныс министрлігінің кадрлық резервіне енгізілген. Ал 2022 жылдан бері Қазақстан Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарып келген.