Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Ішкі істер министрлігі Қамшыбек Тәшиевтің туған інісін тергуге шақырғы

/
Ішкі істер министрлігі Қамшыбек Тәшиевтің туған інісін тергуге шақырғы
Arasha.kz коллажы

Қырғызстан Ішкі істер министрлігі жергілікті парламент депутаты, бұрынғы ҰҚК басшысы Қамшыбек Тәшиевтің туған інісі Шаирбек Тәшиевті тергеуге шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дереккөздердің мәліметінше, қазіргі уақытта Шаирбек Тәшиев ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында жауап беріп жатыр.

Әзірге Қырғызстан ІІМ бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Сондай-ақ депутаттың қай қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны және оның іс бойынша куәгер ме, әлде күдікті ме екені нақты айтылмаған.

Сонымен қатар дереккөздер Шаирбек Тәшиевтің бүгін депутаттық мандатын тапсыруы мүмкін екенін хабарлады. Айтылғандай, осы мәселе Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының отырысында қаралуы ықтимал.