Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Экзитпол нәтижесі: Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады

/
Экзитпол нәтижесі: Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
NUR.KZ

Қазақстанда жаңа Конституцияға қатысты өткен республикалық референдумның алғашқы экзитпол нәтижелері жарияланды. Сауалнама қорытындылары республикалық телеарналардың эфирінде жария етілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол нәтижесіне сәйкес, дауыс берген азаматтардың 86,7 пайызы жаңа Конституцияны қабылдауды қолдаған. Ал олардың дерегі бойынша референдумға қатысу көрсеткіші 75,3 пайызды құраған.

Сонымен қатар «Социс-А» әлеуметтік және саяси зерттеулер институты да өз сауалнамасының нәтижесін жариялады. Олардың мәліметінше, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 87,4 пайызы Конституцияның жаңа нұсқасын қолдап дауыс берген.

Бұл ұйым тіркеген қатысу деңгейі 73,8 пайыз болды. Социологиялық зерттеудің статистикалық қателік деңгейі ±1,5 пайыз екені айтылды.

Айта кетейік, экзитпол – дауыс беріп шыққан азаматтарға жүргізілетін арнайы әлеуметтік сауалнама. Ол әлемдік тәжірибеде сайлау немесе референдум нәтижесінің алдын ала болжамын жасау үшін қолданылады.

Еске салсақ, Қазақстанда 15 наурыз күні жаңа Конституцияға қатысты республикалық референдум өтті. Ел бойынша барлық дауыс беру учаскелері таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеді.

Референдумға 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары қатыса алды. Сайлаушылар тізіміне 12 461 796 адам енгізілген.

Жалпы республика бойынша 10 388 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Сонымен қатар шетелдегі қазақстандықтар үшін 54 мемлекетте орналасқан дипломатиялық өкілдіктерде 71 учаске ашылды. Ал әскери бөлімдердегі 92 учаске жұмысын таңғы 06:00-де бастаған.