Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп: НАТО-ның келешегі бұлыңғыр

/
Трамп: НАТО-ның келешегі бұлыңғыр
Сурет: ашық дереккөзден

Егер альянсқа мүше мемлекеттер Ормуз бұғазын бұғаттан босатуда АҚШ-қа көмек көрсетпесе, Солтүстікатлантикалық одақтың келешегі бұлыңғыр. Бұл туралы Америка көшбасшысы Дональд Трамп британдық Financial Times газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Егер [Ормуз бұғазындағы күш-жігерге қосылу туралы шақыруға] жауап болмаса немесе ол теріс болса, онда бұл НАТО-ның болашағына өте жаман әсер етеді деп ойлаймын», - деді Ақ үй басшысы.

«Бізде НАТО деген дүние бар. Біз өте қайырымды болдық. Біз оларға  Украина мәселесінде көмектеспеуіміз керек еді. Украина бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан. Бірақ біз көмектестік. Енді олар бізге көмектесе ме, көрейік. Өйткені мен бұрыннан айтып келемін: біз оларға көмектесуге дайынбыз, бірақ олар бізбен бірге болуға дайын емес. Және олардың бізбен бірге болатынына сенімді емеспін», — деді Трамп.

Ол көмектің кез келген түріне, соның ішінде аймаққа мина іздеуші кемелерді жіберуге мүдделі екенін айтты. Америкалық лидер сондай-ақ Парсы шығанағында дрондарды ұшыратын немесе мина орнататын ирандық әскери қызметшілердің көзін жою үшін еуропалық елдердің арнайы жасақтары қолданылуы мүмкін екенін аңғартты.

«Біз оларға өте қатты соққылар беріп жатырмыз. Оларға бұғазда кішігірім қиындықтар тудырудан басқа ештеңе қалмады. Бірақ бұл адамдар  [Ормуз бұғазындағы кеме қатынасынан] пайда көріп отыр, сондықтан олар бізге тәртіп орнатуға көмектесуі тиіс. Біз оларға көмектесеміз, бірақ олар да сол жерде болуы керек», - деп атап өтті Трамп.

Ақ үй басшысы НАТО-ның «біржақты қозғалыс көшесі» болмауы керектігін қадап айтты. Ол сондай-ақ альянсқа мүше елдер Ормуз бұғазына әскери кемелерін жіберген жағдайда, оларға төнетін қауіп өте төмен болатынын, өйткені Иранның әскери мүмкіндіктері «іс жүзінде жойылғанын» алға тартты.