Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Иранның көшбасшысы Мәскеуге құпия ұшақпен жеткізілді – шетелдік БАҚ

/
Иранның көшбасшысы Мәскеуге құпия ұшақпен жеткізілді – шетелдік БАҚ
ашық дереккөзден

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменей жарақат алғаннан кейін емделу үшін Мәскеуге жасырын түрде жеткізілгені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Кувейттің Al Jarida газеті хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Басылымның мәліметінше, Хаменей АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасаған алғашқы күні жараланған. Осыдан кейін ол арнайы құпия рейспен Ресей астанасына жеткізілген.

Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада Иран президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлесу кезінде Моджтаба Хаменейді Мәскеуде емдеуді ұсынған.

Ақпарат көздерінің айтуынша, Мәскеуде оған операция жасалып, ол сәтті өткен. Қазіргі уақытта Хаменей Ресейдегі Путин резиденцияларының бірінің аумағындағы клиникада ем қабылдап жатыр деген мәлімет бар.

Алайда бұл ақпаратқа қатысты ресми түрде ешқандай растау берілген жоқ.