Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Тоқаев қол қойды: Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді

/
Тоқаев қол қойды: Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясына қол қойып, оның күшіне ену мерзімін жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Ата заңды іске асыруға бағытталған арнайы Жарлық та бекітілген. Осылайша, жаңа Конституция 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап ресми түрде күшіне енеді.

"Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым", – дейді президент. 

Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді.

"Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық. Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дегім келеді", – дейді Тоқаев.