Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

БАӘ тағы да зымыран соққысына ұшырады

/
БАӘ тағы да зымыран соққысына ұшырады
Сурет: ашық дереккөзден

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі бүгін таңертең Иран тарапынан жаңа зымыран қаупі төнгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері (ӘШҚӨ) қазіргі уақытта зымыран қаупіне жауап беруде. Өтінеміз, қауіпсіз жерде болыңыз және ескертулер мен жаңалықтарды алу үшін ресми арналарды қадағалаңыз», — делінген мәлімдемеде.

Би-би-си тілшісінің хабарлауынша, сағат 10:10-да телефондарға зымыран қаупінің жақындап қалғаны туралы кезекті хабарлама келген - бұл сәтте журналистер тікелей эфир кезінде балконда тұрған болатын.

«Шамамен 10 секундтан кейін біз алыстан екі жарылыс дыбысын естідік. Дубайда адам қарасы әдеттегіден әлдеқайда азайып кеткен, бірақ біз қалаға көз тастағанымызда, құрылысшылар жұмыстарын жалғастырып жатты, - дейді Би-би-си тілшісі Азадех Мошири. - Көліктер әлі де жүріп жатыр. Телефондағы бұл хабарламалар мен жарылыс дыбыстары тұрғындар үшін үйреншікті жағдайға айналды».

Биліктің мәлімдемесіне сәйкес, соғыс басталғалы бері БАӘ-ге 2 мыңға жуық зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасаған. Қорғаныс министрлігі әскерилер нысаналардың басым бөлігін атып түсіргенін алға тартуда.