Атырау облысында төрт адамның қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған Сұлтан Сәрсемалиев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ал оның азаматтық некедегі жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қазіргі уақытта психикалық денсаулық орталығында ем алып жатыр.
Оқиға салдарынан ерлі-зайыптылардың бес баласы мемлекеттік қамқорлыққа алынған. Қазір олардың үшеуі бейімдеу орталығында болса, бір және үш жастағы екі кішкентай бала балалар үйіне орналастырылған.
Мамандардың айтуынша, балалардың жағдайы тұрақты. Журналист Жұлдыз Тілеуханның мәліметінше, оларға ата-әжелері келіп, жағдайларын біліп тұрады. Алайда анасының туыстары тарапынан әзірге ешқандай байланыс болмаған.
Балалар ата-аналарын жиі сұрап, үйлеріне қайтқысы келетінін айтып жүр.