Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп Тоқаевқа хат жолдады

/
Трамп Тоқаевқа хат жолдады
Сурет: Ақорда

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Хатта Трамп ақпан айында Вашингтонда өткен кездесу үшін алғыс білдірді. Бұл кездесу Бейбітшілік кеңесінің отырысы аясында өткен болатын. Ол өзара диалогқа риза болғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Америка Президенті Тоқаевты Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитінде қайта көруге ниетті екенін жазған.