Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) өкілі генерал Әли Мохаммад Наинидің қаза тапқаны хабарланды

/
Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) өкілі генерал Әли Мохаммад Наинидің қаза тапқаны хабарланды
Сурет: ашық дереккөзден

Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК, Иран армиясының элиталық бөлімдері) өкілі генерал Әли Мохаммад Наини 20 наурызда АҚШ пен Израильдің Ислам Республикасы аумағына жасаған әуе соққылары салдарынан қаза тапты. Бұл туралы ИРСК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Терең қайғымен және сонымен бірге мақтаныш сезімімен мәдениет және медиа саласындағы қайраткер, ИРСК генерал-майоры, Ислам революциясы сақшылар корпусының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары әрі ресми өкілі Әли Мохаммад Наинидің шәһид болғанын хабарлаймыз. Ол қасиетті Рамазан айының соңғы күні таңсәріде жасалған қатыгез америкалық-сионистік террористік шабуылдың құрбаны болды», - деп келтіреді мемлекеттік телерадиокомпания баспасөз қызметінің мәлімдемесін.