Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Жаңа мемлекеттік награда: Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады

/
Жаңа мемлекеттік награда: Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда – Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Жақын арада Қожа Ахмет Ясауи орденін мемлекеттік наградалар тізіміне енгізу туралы жарлыққа қол қоямын. Бұл жоғары марапат отандық және шетелдік танымал ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне табысталатын болады. Бұл орденнің мәртебесі жоғары болуы тиіс деп есептеймін", – деді Президент.

Тоқаев әлемге танымал ойшыл Қожа Ахмет Ясауиді ең алдымен қазақ халқының көрнекті өкілі ретінде қабылдау қажеттігін атап өтті.

"Біз оның мұрасын әлемнің барлық түкпірінде, әсіресе ірі мемлекеттерде кеңінен насихаттауымыз керек. Ең алдымен өз азаматтарымызды оның шығармашылығымен таныстыру маңызды. Сондай-ақ осы тарихи тұлғаға арналған сапалы кітаптар мен фильмдер түсіріп, барлық өңірде Қожа Ахмет Ясауидің бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқулар ұйымдастыру қажет", – деді Мемлекет басшысы.