Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат берді

/
Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат берді
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп, егер Тегеран 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын ашпаса, ирандық электр станцияларын «жойып жіберемін» деп қорқытты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Егер Иран осы сәттен бастап 48 сағат ішінде сес көрсетуден бас тартып, Ормуз бұғазын толығымен ашпаса, Америка Құрама Штаттары соққы беріп, олардың түрлі электр станцияларын, ең ірісінен бастап, күл-талқан етеді!» — деп жазды Трамп өзінің Truth Social платформасында.

Бұған дейін Трамп Truth Social желісінде АҚШ-тың Иранды «картадан сызып тастағанын» жазған болатын.

Ол Ирандағы мақсаттарына қол жеткізе алмады деген болжамдарды жоққа шығарып: «Иә, қол жеткіздім, тіпті жоспарланған мерзімнен бірнеше апта бұрын. Олардың басшылығы жойылды, флоты мен әскери-әуе күштері құрыды, оларда мүлде қорғаныс қалмады және олар келісім жасасқысы келеді. Ал мен қаламаймын», - деп мәлімдеді.