Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

АҚШ долларында Дональд Трамптың қолтаңбасы пайда болады

/
АҚШ долларында Дональд Трамптың қолтаңбасы пайда болады
Сурет: Official White House / Tia Dufour

АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай жазда айналымға шығатын жаңа доллар купюраларында қазынашының қолтаңбасының орнына президент Дональд Трамптың қолтаңбасы қойылады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Соңғы 165 жыл бойы доллар банкноттарына қазынашы мен қаржы министрі қол қоятын.

Дональд Трамп пен қаржы министрі Скотт Бессенттің қолтаңбалары бар алғашқы 100 долларлық купюралар маусым айында басып шығарылады. Кейінгі айларда басқа номиналдағы жаңа купюралар да айналымға енгізіледі.

«Еліміздің және президент Дональд Трамптың тарихи жетістіктерін атап өтудің доллар купюраларында оның есімі жазылуынан артық жолы жоқ», — деді Скотт Бессент.