Иранда 600-ден астам мектеп қирап немесе зақымданып, мыңнан астам оқушы мен мұғалім қаза тапқан немесе жараланған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы Ислам республикасының сыртқы істер министрі Аббас Арагчи мәлімдеді.
«Иран бойынша алты жүзден астам мектеп қирады немесе зақымданды, соның салдарынан мыңнан астам оқушы мен мұғалім қаза тапты немесе жараланды. Агрессорлар Иранға өмірлік маңызды инфрақұрылымдарға соққы жасау арқылы қауіп төндіріп отыр. Нысанаға ауруханалар, жедел жәрдем көліктері, медицина қызметкерлері, Қызыл Жарты Ай құтқарушылары, мұнай өңдеу зауыттары, су ресурстары және тұрғын аудандар алынуда», - деді ол БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 61-сессиясында.