Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Иранда 12 жастағы балаларды әскерге шақырып жатыр

/
Иранда 12 жастағы балаларды әскерге шақырып жатыр
Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images. Суретте: Иран әскері

Иран билігі әскерге шақырудың ең төменгі жасын 12 жасқа дейін төмендетіп, жасөспірімдерді армияға қосылуға шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Al Arabiya басылымының мәліметінше, балаларды барлау, патрульдік қызмет және бақылау-өткізу бекеттеріндегі жұмысқа тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар 12 жастағы жасөспірімдер тұрақты әскер құрамында қызмет көрсетуші ретінде пайдаланылуы мүмкін. Олар тамақ дайындап, жараланғандарға күтім жасайды.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай шешім Иранның кәмелетке толмағандарды әскери әрекеттерге тартпау жөніндегі халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді.