Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Ормуз бұғазы арқылы өту ақылы болады

/
Ормуз бұғазы арқылы өту ақылы болады
Сурет: pexels

Иран парламенті Ормуз бұғазында жаңа режим орнатпақшы. Оған сәйкес, Иран қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өту үшін баж салығын алады деп мәлімдеді парламенттің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының мүшесі Алаоддин Боруджерди, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Парламенттің бекітуі бойынша бұғазда жаңа режим орнатылады», - деп Боруджердидің сөзін келтірді Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы.

Депутат Иранның рұқсатынсыз кемелерге Ормуз бұғазы арқылы өту құқығы берілмейтінін атап өтті. Ислам Республикасы кемелердің қауіпсіздігін жүзеге асырып, өту үшін алым жинайтын болады.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққы бере бастаған болатын.

Иран бұған жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққы беруде.