Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Сұлтанғазиев Қытайға сапарында өзін Қазақстан президенті сезініп жүр ме?

/
Сұлтанғазиев Қытайға сапарында өзін Қазақстан президенті сезініп жүр ме?
Фото: ашық дереккөзден алынды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайға жасаған жұмыс сапары барысында Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесті. Ресми ақпаратқа сүйенсек, бұл кездесу шетелде оқып жатқан жастармен байланыс орнату, олардың жағдайын білу және болашақта елге қайтып, өңірдің дамуына үлес қосуына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Arasha.kz

Мұндай форматтағы кездесулер әдетте мемлекет басшыларының сапарларымен байланыстырылады. Мәселен, Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған ресми сапарлары кезінде шетелдегі қазақстандық студенттермен бірнеше мәрте жүздесіп, білім беру, академиялық ұтқырлық және білікті кадрларды елге қайтару мәселелерін көтерген болатын. Бұл кездесулер жоғары деңгейдегі келіссөздермен қатар жүріп, мемлекеттік саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырылған еді.

Осы тұрғыдан алғанда, өңір басшысының дәл осындай форматты қолдануы қоғамда түрлі сұрақ тудырып отыр. Себебі әкімдердің шетелдік сапарлары көбіне инвестиция тарту, экономикалық байланыстарды кеңейту немесе өндірістік жобаларды талқылаумен шектелетін. Ал студенттермен кездесу символдық әрі саяси мағынасы бар қадам ретінде қабылданады.

Дегенмен бұл сапардың нақты мазмұны да назар аударарлық. Қазіргі оқу жылында облыс әкімдігінің қолдауымен 27 түлек Қытайдағы жоғары оқу орындарында тегін білім алып жатыр. Бұған қоса, өткен жылы тағы 12 студентке грант бөлінген. «Алатау дарыны» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бұл бастама шетелде білім алған жастарды елге қайтарып, өңірдің кадрлық әлеуетін күшейтуді көздейді.

Кездесу барысында Марат Сұлтанғазиев Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестіктің жаңа бағыттары туралы айтып, ғылыми-білім беру кластерін қалыптастыру жоспарларын таныстырды. Сонымен қатар, заманауи технологияларды меңгерген, қытай тілін білетін мамандардың маңызына ерекше тоқталды.