Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Алматы облысы

Автобус пен КамАЗ-дың соқтығысқан видеосы желіде тарады (Видео)

Автобус пен КамАЗ-дың соқтығысқан видеосы желіде тарады (Видео)
Сурет: видеодан скрин

Жол апаты Алматы облысының Талғар ауданы аумағында болған. Көліктердің соқтығысқан сәті жол бойымен өтіп бара жатқан автокөліктің бейнетіркегіші арқылы түсіп қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жол апатының сәті өтіп бара жатқан көліктің видеотіркегіші арқылы түсірілген. Видео egov.press Telegram-арнасында жарияланды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына кінәлі жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

«26 мамыр күні шамамен сағат 18:00-де Алматы – Көкпек – Көктал тасжолының 14 шақырым 800 метр аумағында SAZ маркалы автобус жүргізушісі реттелетін қиылыста солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан КамАЗ жүк көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысқан», – деп хабарлады полиция.

Оқиға салдарынан көліктер механикалық зақым алған. Автобус жолаушыларына алғашқы медициналық көмек көрсетілген.