Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Алматы облысы

Әкесінің қабіріне Құран оқуға барған жігітті ауылдастары пышақтап өлтірді

Әкесінің қабіріне Құран оқуға барған жігітті ауылдастары пышақтап өлтірді
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысы Талғар ауданындағы Нұра ауылында 24 жастағы жігіт пышақталып қаза тапты. Ол інісімен бірге түнде әкесінің қабіріне Құран оқуға барған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 11 мамыр күні болған. Марқұм мен інісі зираттан қайтып келе жатқанда, жолды есігі ашық тұрған көлік бөгеген. Көліктегі үш жігітпен арада сөзге келіспеушілік туындаған. Кейін күдіктілер ағайындылардың соңынан еріп барған.

Туыстарының айтуынша, үй маңында шыққан жанжал кезінде олардың бірі 24 жастағы азаматқа пышақпен екі рет соққы жасаған. Жас жігіт ауруханада көз жұмды.

Алматы облыстық полиция департаменті кісі өлтіру және бұзақылық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ретінде марқұмның үш ауылдасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция мәліметінше, өлімге әкелген пышақ жарақатын салды деген күдікті небәрі 20 жаста. Марқұмнан екі кішкентай қызы қалған.