Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Бітімгершілік барысында Қазақстан көптеген істерді атқарды

/
Бітімгершілік барысында Қазақстан көптеген істерді атқарды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан әлемдік саясатта болсын, геосаяси мәселелерге қатысты қауіпсіздікті сақтауда, бітімгершілік бастамаларда әрдайым жақсы қырынан көрініп келеді. Естеріңізде болса, Қазақстан Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің құрылуына (АӨСШК) мұрындық болған-тын. Бүгінде Азия бойынша аталған кеңеске 27 ел мүше болып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Орталық Азия елдерінің ішінен алғашқы болып 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына уақытша мүше болуы да Қазақстанның әлемдік саясатта өзіндік орнын алуға ұмтылатынын айғақтайды. 

Бітімгершілік барысында Қазақстан көптеген істерді атқарды. Атап айтар болсақ, 2017-2018 жылдары Сирия мәселесін шешуге атсалысты. Еліміз алғаш рет әскери-саяси қақтығыстардың бейбіт шешілуіне мұрындық болды. Яғни әлемде қандай қақтығыстар болмасын Қазақстан бейбіт ымыраға келуге шақырады.  БҰҰ шеңберінде еліміздің әскери күштерінің атынан бітімгершілікті жақсы атқаруда. 2000 жылдары бітімгершілік ротасы құрылды. Бұл рота түрлі миссияларға қатысу үшін арнайы дайындықтан өткізілген құрылым. Сөзіміз жалаң болмасын, нақты мысалдарға сүйенсек, былай: 1991-1995 жылдары Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. Семей полигонын жапты. Осылайша Қазақстан өзінің антиядролық көзқарасын айқын танытты. 

2010 жылы Астанада ауқымды жиын өтті. Ол Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті болатын. Осы жиынның құрметіне орай тіпті кейбір ел азаматтары дүниеге келген сәбилеріне «Саммит» есімін қойғанын да білесіздер. Саммит Қазақстанның Орта Азияда ғана емес, Еуропадағы ролін де айшықтай түсті. 2022-2025 жылдары еліміз бейтарап позиция ұстанып, гуманитарлық көмектер көрсетті. 

Бір сөзбен қорытсақ, Қазақстанның бітімгершілік саясатын үшке бөліп айтуға болады. Әлемді қарусыздануға, бейбіт алаңда отырып аймақтық келіссөз алаңын ұсынатын дипломат мемлекетке айналды. 

Яғни Қазақстан – бейбітшілікті үндейтін іс-шараларды ұйымдастыратын және түрлі халықтар мен діндердің, мәдениеттердің арасында тығыз байланыс орнатып, әлемде болып жатқан түрлі қайшылықтардың алдын алуға үлесін қосып жатыр. 

Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қауіпсіздікті нығайтып, экономикалық дипломатияны белсенді дамытуда. Оның Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақты, Қытай және Америка Құрама штаттары сынды алып елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарды белсенді жалғастыруы осыған дәлел.