Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жақсы келін едім": Шавкат Рахмоновтың әйелі қайын жұрты туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

/
"Жақсы келін едім": Шавкат Рахмоновтың әйелі қайын жұрты туралы шындықты айтты (ВИДЕО)
smartnews.kz коллажы

Жақында сотталған Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жан сырын ақтарып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол жазбасында бұрынғы жұбайы, белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың мансап жолының бастапқы кезеңіндегі қиындықтарды еске алған. Гүлайымның айтуынша, сол уақытта спортшының жалақысы небәрі 120 мың теңге болған.

Сондай-ақ ол 2017 жылдың қаңтарында Шавкаттың ауыр жарақат алып, Пришахтинск қаласындағы ауруханада тексеруден өткенін атап өтті. Қиындықтарға қарамастан, олар табандылық пен еңбекқорлықтың арқасында алға жылжыған.

Гүлайым олардың күнделікті өмір тәртібін де бөлісті. Оның сөзінше, ерлі-зайыптылар таңғы сағат 5-тен бастап жаттығып, күніне бірнеше мәрте дайындық жүргізген. Тіпті қысқа уақыттың өзін тиімді пайдаланып, спортқа барынша көңіл бөлген.

Оның айтуынша, UFC-ге шығу – екеуінің ортақ арманы болған. Тұңғыштары дүниеге келгеннен кейін де отбасы мен спорт қатар жүріп, Шавкат кәсіби мансабын жалғастырған.

Жазба соңында Гүлайым уақыт өте келе кейбір адамдардың араға іріткі салуға тырысқанын меңзеді. Дегенмен ол өткенге өкініші жоқ екенін айтып, өз еңбегін ешкімге таптатпайтынын жеткізді.

"Уақыт келгенде әркім өз ісіне жауап береді", – деп түйіндеді ол.