Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

"Ұзақ уақыт айтпадым": Экс-депутат Бақыт Сыздықова 51 жасында тұрмысқа шықты

/
"Ұзақ уақыт айтпадым": Экс-депутат Бақыт Сыздықова 51 жасында тұрмысқа шықты
Arasha.kz коллажы

Қазақстандық экс-депутат Бақыт Сыздықова жеке өміріне қатысты қуанышты жаңалығын бөлісіп, көпшілікті таңғалдырды. Ол 51 жасында тұрмысқа шыққанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі бұл жаңалықты ұзақ уақыт бойы жасырғанын айтып, оны бөлісуге жақындарының қолдауы себеп болғанын жеткізді. Қазіргі таңда ол жолдасымен бірге бал айын круиздік лайнерде өткізіп жатыр.

"Мен бұл туралы ұзақ уақыт айтпадым. Бірақ бүгін бөлісуді жөн көрдім. 51 жасымда тұрмысқа шықтым. Қазір біз бал айындамыз. Шынымды айтсам, жеке өмірім туралы айтуды ұнатпаймын. Бірақ жақындарым бұл оқиға біреуге шабыт болуы мүмкін деді", – деп жазды ол.

Бақыт Сыздықова өз жазбасында махаббаттың жасқа қарамайтынын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, шынайы бақыт адамның өмірінде күтпеген сәтте келуі мүмкін.

"Махаббаттың жасы болмайды. Бақыт "кестемен" келмейді. Кейде ең шынайы сезімдер сен бәрін түсініп, өмірдің талай кезеңінен өткен кезде келеді. Сол себепті ол мүлде басқаша сезіледі – терең, сабырлы әрі саналы", – дейді ол.

Сондай-ақ экс-депутат өзінің бұл қадамын ешкімге үлгі ретінде ұсынбайтынын, тек өз сезімімен өмір сүріп жатқанын жеткізді.

"Мен қалай дұрыс екенін білмеймін. Мен жай ғана өмір сүріп, сезінемін. Бірақ егер менің тарихым біреуге "ешқашан кеш емес" деген белгі болса, онда бұл туралы айту бекер емес", – деп түйіндеді ол.