Орта салмақтағы WBO чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы төңірегіндегі жағдай жаңа кезеңге өтті. Boxing Social мәліметінше, спортшының командасы Дүниежүзілік бокс ұйымына (WBO) ресми апелляция жолдап, оған қатысты қолданылған дисквалификацияны толық алып тастауды немесе мерзімін қысқартуды сұраған.
Бұл ақпаратты WBO президенті Густаво Оливьери де растады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта апелляция қаралу үстінде.
«Жәнібек пен оның командасы дисквалификацияға қарсы шағым түсірді. Олар қабылданған шешіммен келіспейді және оны қайта қаратуға толық құқылы», – деді Оливьери.