Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Украина әр ай сайын 35 мыңдай оккупанттың көзін жоюда – Финляндия президенті

Украина әр ай сайын 35 мыңдай оккупанттың көзін жоюда – Финляндия президенті
Сурет: видеодан скрин

Соңғы төрт айда Украина ай сайын 30-дан 35 мыңға дейін ресейліктің көзін жойды немесе жаралады. Бұл туралы Финляндия президенті Александр Стубб айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Clash Report  телеграм арнасы  Финляндия президенті Александр Стуббтың Украинадағы жағдайға қатысты айтқан мәлімдемелерін жариялады. Онда Стубб ресейлік сарбаздардың шығындарның  95%-ы ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрон) көмегімен болғанын және Украина мен Ресей арасындағы шығын қатынасы 1-ге 5-ті құрайтынын айтады.

Сонымен қатар, Стубб Украинадағы бейбіт келісімге қатысты бұрынғыдай оптимистік көзқараста емес екенін мойындады.

«Путиннің өз ойын өзгерткенін көріп тұрған жоқпын. Мен бірнеше ай бойы оптимистік көзқараста болдым және бұл бағытта жұмыс істедім, бірақ соңында бұл Ресейдің уақыт созуға арналған классикалық тактикасы болып шықты»,  - дейді ол.