Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Түркістан облысы

Полиция Түркістан облысында педофилия дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр

Полиция Түркістан облысында педофилия дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр
Сурет: polisia.kz

Отырар ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына қатысты болуы мүмкін заңсыз әрекеттер жөнінде арызданғаннан кейін сотқа дейінгі тергеу басталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Отырар ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған ұлына қатысты болуы мүмкін заңсыз әрекеттер туралы арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бастапқы тергеу шараларының нәтижесінде заңсыз әрекеттердің фактілері анықталған жоқ, дене жарақаттары да табылмады. Сонымен бірге барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті шаралар жалғасып жатыр. Қосымша сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты қосымша мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Полиция азаматтарды расталмаған ақпарат таратпауға және тек ресми мәліметтерге сүйенуге шақырады.

Бөлісу