Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Түркістан облысы

Түркістан облысында шибөрінің балаларға шабуылынан кейін оларды құтыру ауруына тексеру басталды

Түркістан облысында шибөрінің балаларға шабуылынан кейін оларды құтыру ауруына тексеру басталды
Сурет: Рixabay

Түркістан облысында шибөрінің балаларға шабуылынан кейін құтыру ауруына тексеру басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Ветеринариялық қызмет тарапынан құтыру ауруына күдікпен патологиялық материал алынып, аудандық ветеринариялық зертханаға жіберілді. Зардап шеккендер аудандық орталық ауруханаға жүгініп, құтыруға қарсы профилактикалық вакцина алды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда, олар дәрігерлердің бақылауында. Бір адам ауруханада ем қабылдап жатыр», - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Ведомство инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шибөрі анықталған аумақ, сондай-ақ зардап шеккен тұрғындардың аулалары дезинфекцияланғанын атап өтті.

«Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда», - деп толықтырды облыс әкімдігіндегілер.

Тараған ақпаратқа сәйкес, шибөрі екі бала мен бір ересек адамға шабуыл жасаған.

Құтыру табиғи-ошақты, аса қауіпті, өлімге әкелетін инфекциялық ауру. Адамға ауру жануар тістегенде сілекей арқылы жұғады. Содан кейін вирус жүйке жолдары арқылы таралып, сілекей бездеріне, бас миы қабығының жүйке жасушаларына, гиппокампқа, бульбарлық орталықтарға жетеді және оларды зақымдап, өлімге әкелетін ауыр бұзылыстар тудырады.