Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ұзақ үзілістен кейін: Әлия Назарбаева келінімен бірге ел алдына шықты

Ұзақ үзілістен кейін: Әлия Назарбаева келінімен бірге ел алдына шықты
ашық дереккөзден

Ұзақ үзілістен кейін Әлия Назарбаева қайтадан көпшілік назарына ілігіп, келіні Аида Әлиевамен бірге өткен кездесуге қатысты. Бұл туралы Politico.kz хабарлады.

Кездесуден түсірілген фотосуреттерді Нұрәлі Әлиевтің жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Ол кештің ерекше әсерлі өткенін атап өтіп, "әйелдің өмір жолына арналған мазмұнды жиын болды" деп жазған.

Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева 2026 жылдың 15 наурызында Алматыдағы Целинный мәдениет орталығында өткен іс-шарада Қайрат Боранбаевпен бірге көрінген еді.

Сонымен қатар, Аида Әлиева – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлінің жары. Ал Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Алпысқызының кенже қызы Әлия Назарбаева төрт баланың анасы.