Ресей Қорғаныс министрлігі 9 мамырда Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін шеруде әскери техникалар колоннасы болмайтынын хабарлады. Бейресми түрде мұндай болжамдар бір күн бұрын пайда болған еді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Шерудің жаяу әскер колоннасы құрамында әскердің барлық түрлері мен жекелеген тектерінің жоғары әскери оқу орындарының қызметкерлері қатысады», -делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар, биылғы шеруге «әскери техникалар колоннасы» қатыспайды деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. Себебі «қазіргі шұғыл жағдайға байланысты».
2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен бері 9 мамырда Қызыл алаңда өтетін шеруге әскери техникалар алғаш рет қатыстырылмай отыр.