Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Путин мен үкіметтің рейтингі төмендеді - әлеуметтанушылар

Путин мен үкіметтің рейтингі төмендеді - әлеуметтанушылар
Сурет: ашық дереккөзден

Ресей Президенті Әкімшілігімен жұмыс істейтін Қоғамдық пікір қоры ел басшылығына деген көзқарас туралы сауалнама нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Олардың дерегінше, сауалнамаға қатысқан ресейліктердің 73%-ы Путин президент ретіндегі міндетін «көбіне жақсы» атқарып отыр деп есептейді. Бұл көрсеткіш ақпанмен салыстырғанда 7 пайыздық тармаққа, ал сәуірдің ортасымен салыстырғанда 3 тармаққа төмендеген. Мұндай деңгей соңғы рет 2022 жылдың ақпанында (71%) тіркелген.

Үкімет жұмысына «көбіне жақсы» деген баға да азайған: сәуірдің ортасындағы 50%-дан 45%-ға дейін түскен. Сондай-ақ билік партиясы – Единая Россия рейтингі де төмендеп, 37%-ға жеткен. Бұл – бір жыл ішіндегі екінші ең төмен көрсеткіш.

Бұған дейін Ресей президентінің рейтингі төмендегенін мемлекеттік зерттеу ұйымы – ВЦИОМ да хабарлаған. Олардың мәліметінше, сәуірдің ортасына қарай көрсеткіш 65,6%-ға дейін түсіп, 2026 жылдың басынан бері біртіндеп төмендеп келеді (ақпан басында 74,8% болған).