Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Әзербайжан Еуропарламентпен ынтымақтастықты тоқтатады

Әзербайжан Еуропарламентпен ынтымақтастықты тоқтатады
Сурет: ашық дереккөзден

Әзербайжан парламенті Еуропарламентпен ынтымақтастықты тоқтататынын мәлімдеді. Бұл бір жағынан Еуроодақ пен Әзербайжан арасындағы қатынастардың нашарлауын көрсетсе, екінші жағынан ел Еуропаға газ жеткізуді бұрынғыдай, тіпті көбірек көлемде жалғастырып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Милли Мәжілістің Еуропарламентпен барлық ынтымақтастық бағыттары тоқтатылады. Сондай-ақ парламенттің Еуроодақ — Әзербайжан парламенттік ынтымақтастық комитеті қызметіне қатысуы да доғарылады», – деп жазады әзербайжандық БАҚ.

Әзербайжан парламенті елдің Шығыс әріптестігі аясындағы парламенттік ұйымнан шығу рәсімін де бастады, деп жазды ВВС.

Әзербайжан депутаттары Еуропарламент соңғы 10 жылда «әзербайжанға қарсы» қарарлар қабылдап келеді деп айыптайды.

Шын мәнінде, Еуропарламент қабылдаған құжаттарда Қарабақтағы армяндар мен әзербайжандардың құқықтарының сақталуы мәселелері көтерілген. Сондай-ақ Еуропалық комиссияна әзербайжан газынан бас тарту және елдегі адам құқықтарының жүйелі бұзылуына байланысты әзербайжандық шенеуніктерге жеке санкциялар енгізу ұсынылған.

Алайда Әзербайжанда әдетте армяндарға қатысты мәселелерге көбірек назар аударылады. 30 сәуір күні Еуропарламент Қарабақтан 2023 жылы жаппай кеткен армяндардың қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге шақырған қарар қабылдады. Осыдан кейін Әзербайжан СІМ-іне Марияна Куюнджич шақырылып, оған наразылық нотасы табысталды.

Қарабақ қақтығысы туралы Әзербайжан билігі мен билікке жақын БАҚ Еуропа кеңесін сынға алған кезде жиі айтады. Әзербайжан бұл ұйымның мүшесі болып қала береді, бірақ ара-тұра одан шығу мүмкіндігін көтеріп келеді.

Көктем басында Еуропа кеңесі Әзербайжанның Еуропалық адам құқықтары соты шешімдерін орындауды тоқтатқанын айтқан баяндама жариялаған болатын.