Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Денсаулық

Қайғылы жағдай: Астанада тіс емханасында жас жігіт көз жұмды

Қайғылы жағдай: Астанада тіс емханасында жас жігіт көз жұмды
pixabay.com

Астанадағы стоматологиялық орталықтардың бірінде 20 жастағы қала тұрғыны көз жұмды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін Threads әлеуметтік желісінде жас жігіттің стоматологиялық клиникада қайтыс болғаны туралы жазба тараған.

Жазбада көрсетілгендей, тіс дәрігері науқасқа препаратты аллергиялық сынамасыз енгізген. Инъекциядан кейін жігіттің жағдайы күрт нашарлап, құрысу белгілері байқалған. Соған қарамастан, оған тағы бір препарат салынғаны айтылған. Кейін ол қайтыс болған.

Сондай-ақ, инъекцияны тәжірибеден өтіп жатқан дәрігердің аллергиялық тексерусіз жасағаны және негізгі дәрігердің науқастың жағдайын тиісті деңгейде бақыламағаны туралы мәлімет бар. Оқиғаға 1993 жылы туған медбике де қатысқаны хабарланған.