Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

НАТО-ның Бас хатшысы Арменияға келді

НАТО-ның Бас хатшысы Арменияға келді
Сурет: JOHN THYS / AFP

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Еуропалық саяси қоғамдастықтың саммитіне қатысу үшін Арменияға келді. Бұл туралы Армения министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Еуропалық саяси қоғамдастықтың сегізінші саммитіне қатысу үшін Арменияға НАТО Бас хатшысы Марк Рютте келді. "Звартноц" халықаралық әуежайында оны Армения вице-премьері Мгер Григорян қарсы алды», - делінген хабарламада.

Еуропалық саяси қоғамдастықтың саммиті 4 мамырда Ереванда өтеді.

Бұдан бөлек, 4 және 5 мамырда Ереванда бірінші Армения – ЕО саммиті өтеді. Онда Еуропалық Одақ атынан Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта мен Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен қатысады.