Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

"Зәкең марқұм билікте болғанда...": Мақпал Жүнісова ренішін жеткізді (ВИДЕО)

"Зәкең марқұм билікте болғанда...": Мақпал Жүнісова ренішін жеткізді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Мақпал Жүнісова Қарағандыға сапары кезінде көңілін қалдырған жайттар туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі бұрын марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовпен бірге бұл қалаға келген сәттерін еске алып, сол кезде көрсетілген құрметті атап өтті. Алайда бұл жолғы сапарында мұндай ықыласты байқамағанын жеткізді.

"Зәкең марқұм билікте болғанда, Қарағандының дөкейлері осылай траптан қарсалып еді. Осы жолы барғанда біреуінің төбесін көрмедік. Ең болмағанда мәдениет бөлімінің біреуі келмеді ғой", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты түрлі пікір білдіріп, олардың басым бөлігі әншінің пікірін қолдаған.