Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуде 9 мамырда өтетін парадқа қатысты пікір білдіріп, украин дрондары да сол күні әуеде пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол бұл туралы Ереванда өткен Еуропалық саяси қауымдастықтың VIII саммитінде мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, Ресей биыл 9 мамырдағы Қызыл алаңдағы парадты әскери техникасыз өткізуді жоспарлап отыр. Егер бұл рас болса, соңғы көптеген жыл ішінде алғаш рет қару-жарақсыз парад өтпек.
«Ресей парад өткізетінін жариялады, бірақ онда әскери техника болмайды. Егер бұл шын болса, онда бұл – олар қару-жарақты көрсетуге мүмкіндігі жоқ алғаш жағдайлардың бірі. Сондай-ақ бұл парад үстінен украин дрондары да ұшып өтуі мүмкін», – деді Украина басшысы.
Зеленскийдің сөзінше, алдағы жаз Ресей президенті Владимир Путин үшін шешуші кезең болмақ. Ол соғысты әрі қарай жалғастыру немесе дипломатиялық жолға көшу мәселесін таңдауы керек. Украина тарапы Кремльді келіссөздерге итермелеу қажет деп санайды.
Еске салсақ, Ресей Қорғаныс министрлігі 9 мамырда Қызыл алаңда өтетін парадта әскери техника колонналары болмайтынын хабарлаған. Би-би-си мәліметінше, мұндай жағдай Украинадағы соғыс басталған 2022 жылдан бері алғаш рет тіркелуі мүмкін.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл шешімді қауіпсіздік мәселелерімен түсіндірді. Оның айтуынша, Украина тарапынан «террористік белсенділік» байқалып отыр.