Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Шымкенттегі зауыт қызметкерлеріне 50 пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Шымкенттегі зауыт қызметкерлеріне 50 пәтер сыйлады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Тұрсын Алагөзов Шымкенттегі сыра зауытында ұзақ жыл еңбек еткен қызметкерлерге пәтер сыйлағаны белгілі болды. Бұл туралы оның жары Баян Алагөзова әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Продюсердің айтуынша, кәсіпорынның 50 жылдығына орай зауыт ұжымына 50 пәтер табысталған.

"Аңызға айналған зауыттың мерейтойына орай тағы да 50 қызметкер баспаналы болды. Сенімен мақтанамын", – деп жазды ол.

Сонымен қатар Баян Алагөзова жұбайының қызметкерлер алдында сөйлеген сөзінен үзінді де бөлісті. Онда кәсіпкер өз өміріндегі қиын кезеңдерді еске алып, жетістікке оңай жетпегенін атап өткен.

"Бұл мен үшін өте әсерлі сәт. Өмірде түрлі сынақтардан өттім. Бір кезде айына 200 мың теңге табатынмын, бизнесімді жоғалттым, ешкімге сүйене алмадым", – дейді Тұрсын Алагөзов.