Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шетелдіктер асырап алған Жәнібектің туған анасы табылды ма? (ВИДЕО)

Шетелдіктер асырап алған Жәнібектің туған анасы табылды ма? (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелге кеткен Жәнібек Савельевке қатысты жаңа дерек пайда болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Редакцияға жолданған хатта оның биологиялық анасы болуы мүмкін әйел туралы мәлімет келтірілген. Ондағы деректер Жәнібектің өмірбаянымен сәйкес келетіні айтылған.

Хат авторының жазуынша, күдік тудырған әйел 2002 жылдары Моңғолиядан Арқалыққа оқуға келген. Сол уақытта жүкті болып қалған ол бұл жағдайды жақындарына айтудан қорқып, перзентханада босанып, арнайы құжат арқылы сәбиінен бас тартқан.

Автор бұл әйелдің өзінің қайын әпкесі екенін атап өткен. Оның пікірінше, Жәнібек сол кезде дүниеге келген бала болуы әбден мүмкін, өйткені олардың туған күндері сәйкес келеді.

Сонымен қатар, баласын іздеп жүрген әйел Жәнібектің өзіне қатты ұқсайтынын айтқан. Бұл жайт күдікті одан әрі күшейте түскен.

Хат соңында автор қайын әпкесінің ДНҚ сараптамасын тапсырып, Жәнібекпен туыстық байланысы бар-жоғын анықтауға ниетті екенін жеткізген.