Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Сурет: Үкімет сайтынан

Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құжатқа сәйкес, ол бұрын атқарған қызметінен босатылған.

Роман Скляр бұған дейін, 2024 жылдың ақпан айынан бастап, Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар 5–6 ақпан аралығында Премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы болды. Оған дейін, 11 қаңтардан бастап, Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымында еңбек еткен.