Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Айбек Дәдәбай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды

Айбек Дәдәбай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Ақорда. Суретте: Айбек Дәдебай

7 мамырда өткен құрылтай съезінде Айбек Дәдәбай жаңа құрылған «Әділет» саяси партиясының төрағасы болып сайланды. Бұл шешім съезд барысында ресми түрде қабылданды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құрылтай съезінде партияның құрылғаны жария етіліп, «Әділет» өзін Президент жүргізіп отырған реформалар бағытын қолдайтын саяси күш ретінде таныстырды.

Съезд қатысушылары партияның Саяси кеңесін қалыптастырып, Жарғысын бекітті және партия төрағалығына Айбек Дәдәбайды таңдады. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 1000-нан астам делегат қатысты.

Айбек Дәдәбай туралы

Айбек Дәдәбай 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған. 2003 жылы магистратураны бітіріп, аймақтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын білім беру саласында бастап, әр жылдары халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы, Сенат Аппаратында халықаралық байланыстар жөніндегі сарапшы, сондай-ақ Сенат Төрағасының көмекшісі қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар ол Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілдігінде (Женева) атташе және үшінші хатшы болып жұмыс істеген. Кейін Сенат Төрағасы хатшылығының басшысы, Президент Әкімшілігі Канцеляриясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2021-2022 жылдары Президент Іс басқармасы басшысының орынбасары, кейіннен Басқарушы іс басқарушысы қызметінде болды. 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.

Айбек Дәдәбай дипломатиялық дәрежесі бойынша II сыныпты кеңесші болып табылады. Ол «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.