Ресей Қорғаныс министрлігі өткен тәулікте «Украина әскерлері Ресей бөлімшелерінің позицияларына сегіз мәрте шабуыл жасағанын» мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ресей Федерациясының Қарулы Күштері бітімгершіліктің бұзылуына айна-қатесіз жауап қайтарған. Реактивті залптық от жүйелерінің, артиллерия мен минометтердің атыс позицияларына қарымта соққылар берілген. Басқару пункттері мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшыру орындары жойылды, деп келтіреді «Интерфакс» ведомствоның хабарламасын.
Ресей Қорғаныс министрлігінің есебі бойынша, барлығы 16 071 атысты тоқтату режимін бұзу жағдайы тіркелген.
Бұған дейін Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы Ресей тарапынан жасалған атқылаулар туралы хабарлаған болатын.
«Кеше қарсылас 7704 дрон-камикадзе қолданып, елді мекендер мен біздің әскерлердің позицияларына 2021 атқылау жасады, оның ішінде 12-сі реактивті залптық от жүйелерінен болды», — делінген ақпараттық жиынтықта.
Тараптар 9-11 мамыр аралығында атысты тоқтату туралы жариялаған болатын. Кеше де олар бір-бірін бітім шарттарын бұзды деп айыптаған еді.
Соғыс жағдайында бұл мәлімдемелерді тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.