Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Денсаулық

Таиландта жарқанаттардан коронавирустың жаңа түрі табылды

Таиландта жарқанаттардан коронавирустың жаңа түрі табылды
Сурет: Рixabay

Таиланд билігі жарқанаттар арасында коронавирустың жаңа штаммы тарағанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы елдің Цифрлық экономика және қоғам министрлігі Фейк жаңалықтармен күрес орталығына (AFNC) сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ведомство мәліметінше, вирус жабайы жануарлар арасындағы дертті бақылауға арналған «One Health» тұжырымдамасы аясында анықталған. Бұл жүйе адамзатқа, жануарлар әлеміне және қоршаған ортаға төнетін қауіп-қатерді бірлесе қадағалауды көздейді.

«Қазіргі таңда адамдар арасында бұл вирусты жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ», — деп мәлімдеді құзырлы органдар.

Алдын ала зерттеулер көрсеткендей, жаңа вирустың таралу қаупі төмен және ол COVID-19-бен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл өтеді. Сонымен қатар, COVID-19-ға қарсы қолданыстағы вакциналар осы жаңа штаммнан да қорғай алатыны белгілі болды. Мамандар індеттің жаппай жайылу қаупін «төмен» деп бағалап отыр.