Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Денсаулық

Ауыр халдегі сәби Пхукеттен Алматыға санитарлық авиациямен жеткізілді

Ауыр халдегі сәби Пхукеттен Алматыға санитарлық авиациямен жеткізілді
Сурет: видеодан скрин

Науқастың жағдайының ауыр болуына, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылуына және тұрақты оттегі қолдауын қажет етуіне байланысты медициналық тасымалдауды арнайы тасымалдау кювезінде жүргізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тасымалдау ҰШМҮО медициналық авиация мобильдік бригадасы арқылы жүзеге асырылды. Бригада құрамында дәрігер Жасұлан Жұмғұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев болды.

Алматы қаласына келгеннен кейін нәресте әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылды.