Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Трамп Қытайға келді

Трамп Қытайға келді
Сурет: Синьхуа

Трамп пен Америка делегациясы мінген ұшақ Бейжіңге келіп қонды, ұшу-қону жолағында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Сапар 15 мамырға дейін жалғасады, Трамп ертең Си Цзиньпинмен кездесуі тиіс, деп хабарлайды Arasha.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка делегациясының сүйемелдеуімен Бейжіңге келді, деп хабарлады «Синьхуа».

Мемлекет басшысымен бірге Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Қорғаныс министрі Пит Хегсет, Қаржы министрі Скотт Бессент және Сауда өкілі Джеймисон Грир, сондай-ақ АҚШ-тың 20-ға жуық ірі компанияларының басшылары келді. Америкалық делегацияны Қытай төрағасының орынбасары Хань Чжэн қарсы алды. Президент ұшағының алдына қызыл кілем жайылып, салтанатты қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.

Трамптың Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің шақыруымен жасаған бұл сапары 13 мамыр мен 15 мамыр аралығында өтеді. Бұл — соңғы тоғыз жылдағы Америка президентінің осы елге жасаған алғашқы сапары. Трамп Қытайға бұған дейін 2017 жылдың қарашасында барған болатын.