Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен резиденцияда өткен бейресми кездесуден сурет салды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Фотоға қатысты жазбада Президент:
«Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямда өткен емен-жарқын әңгіме сәтінен», – деп жазған.
Айта кетейік, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері талқылануда.