Қазақстан мен Түркия түріктің «Anka» ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру және оларға қызмет көрсету бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тиісті келісімге келіссөздер барысында қол қойылды, қол жеткізілген уағдаластықтар туралы Ақорда хабарлады.
Айта кетейік, TAI Anka — Түркия Қарулы Күштері үшін «Turkish Aerospace Industries» мемлекеттік компаниясы әзірлеген, ұзақ уақыт ұшуға қабілетті ұшқышсыз аппарат.
Дрон тәуліктің кез келген уақытында барлау жүргізуге, бақылау жасауға, нысананы анықтауға және соққы беруге қауіпті. Оның модификацияларының ішінде басқарылатын бомбалар мен зымырандардың түр-түрін қолдануға есептелген, реактивті қозғалтқышы бар «стелс» (көрінбейтін) нұсқасы да бар.