«Русская община» қазіргі Ресейдегі ұлтшыл және мигранттарға қарсы бағыттағы ең ірі ұйым. Оның өкілдері ұйымның тек өз мүшелерінің қайырымдылық жарналары есебінен жұмыс істейтінін бірнеше рет атап өткен болатын. Алайда Би-би-си-дің BBC Eye зерттеу бөлімі мүлде басқадай қорытындыға келді, деп хабарлайды Arasha.kz.
BBC Eye зерделеген қаржылық құжаттар бұл ұйымның бірнеше қайырымдылық қорынан ақша алып отырғанын көрсетеді. Солардың бірі саясаттанушы Сергей Михеевке тиесілі. Оның Кремльмен тығыз байланыста екені және шетелде Ресей арнайы қызметтерінің тапсырмаларын орындағаны туралы бұған дейін хабарланған болатын.
Тағы бір тұрақты демеуші «Продимекс» агрохолдингінің иесі, миллиардер Игорь Худокормовтың қоры. Ол ФАҚ-ның бұрынғы директоры Николай Патрушевтің ұлы, Үкімет төрағасының орынбасары Дмитрий Патрушевтің ықпал ету аймағында деп саналады.
BBC Eye есебі бойынша, 2023 жылдан 2025 жылға дейін «Русская община» 900-ден астам рейдке қатысқан, оның 300-і күш құрылымдарының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген.