Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Трамп делегациясы Қытайдан алған заттарын неліктен қоқысқа тастады?

Трамп делегациясы Қытайдан алған заттарын неліктен қоқысқа тастады?
Brendan SMIALOWSKI / AFP via Getty Images. Суретте: Дональд Трамп пен Си Цзиньпин

АҚШ делегациясы Дональд Трамптың Қытайға сапарынан кейін елден кетер алдында жергілікті тарап берген заттарды өздерімен бірге алып кетпеген. Делегация мүшелері аккредитациялық карталар, уақытша телефондар, арнайы бейдждер және басқа да заттарды Air Force One бортына кіргізбей, қоқыс жәшігіне тастаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы америкалық журналист Эмили Гудин хабарлады. Оның айтуынша, сапар кезінде Қытай тарапынан берілген кез келген затты президент ұшағына алып кіруге рұқсат етілмеген.

Журналистің жазуынша, делегация мүшелері ұшаққа мінер алдында барлық уақытша құралдар мен құжаттарды арнайы жәшікке тастаған. Мұндай шешім киберқауіпсіздік талаптарына байланысты қабылданған болуы мүмкін.

New York Post мәліметінше, Қытайға сапар барысында Дональд Трамп пен америкалық шенеуніктерге жеке телефондарын пайдалануға тыйым салынған. Оның орнына олар уақытша электронды пошта мен бір реттік телефондарды қолданған.

Мамандардың айтуынша, мұндай сақтық шаралары жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулер кезінде жиі қолданылады. Әсіресе киберқауіпсіздік қаупі жоғары деп саналатын елдерге сапар барысында байланыс құралдары, құжаттар мен техникалық құрылғылар қатаң бақылауға алынады.