Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты "Қазгидромет" РМК ақпаратына сілтеме жасап.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының таулы аудандарында және Жетісу облысында жаңбыр жауады деп болжануда.
Қызылорда облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстік-батысында және Қаратау тауларында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысы мен орталығында желдің екпіні секундына 21-24 метрге дейін күшеюі күтіледі.
Таңертең Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болуы мүмкін.