Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Атырау облысы

Атырауда Жангелдин ауылында бір отбасын қырып тастаған қылмыс бойынша сот басталды

Атырауда Жангелдин ауылында бір отбасын қырып тастаған қылмыс бойынша сот басталды
Сурет: видеодан скрин

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бүкіл елді дүр сілкіндірген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды. Тергеу органдары оған Жангелдин ауылында бір отбасының төрт бірдей мүшесін аяусыз өлтірді деген айып тағып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алғашқы сот отырысына қаза тапқандардың жақындары, Атырау тұрғындары және еліміздің әр өңірінен келген журналистер жиналды.

Процесс басталар алдында қаза тапқан Мақсот Қарабалиннің қарындасы Асылай Мұқанғалиева БАҚ өкілдеріне күдіктінің жақындары осы уақытқа дейін жәбірленуші тарапқа бірде-бір рет келмегенін айтты.

«Олардың отбасы осы күнге дейін бізден кешірім де сұрамады, ешқандай байланысқа да шыққан жоқ», — деді ол.

Марқұмдардың туыстары соттың ашық өтіп, әділ шешім шығарылуын талап етеді.

Сұлтан Сәрсемалиев сот залына үстіміздегі жылдың наурыз айынан бері отырған тергеу изоляторынан жеткізілді. Істі судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр.

Сотталушыға «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Сонымен қатар, бұл іс аясында «Ұрлық» және «Алаяқтық» баптары бойынша да қылмыстық эпизодтар қарастырылуда.