Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Атырау облысы

Атырауда тергеу құпиясын жариялаған полиция қызметкері жазаланды

Атырауда тергеу құпиясын жариялаған полиция қызметкері жазаланды
Сурет: видеодан скрин

Полиция қызметкері жеке парақшасында тергеу әрекеттері мен тінту кезінде түсірілген фото және видеоларды жариялап отырған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алайда, мұндай материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру құпиясына жатады. Бұл оқиға блогер Лунара Мақсұтованың Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке жүгінгеннен кейін жұртқа мәлім болды, деп жазды ZTB телеграм арнасы.

Полиция қызметкерінің өз сөздері бөлек бір наразылық тудырды. Ол стористерінің бірінде адамдарды «шакалдар» деп атаған.

«Бұл шакалдар мені танымаса да жек көреді, бірақ мені аңдып, жоғары басшылыққа «талдау» жасағанды жақсы көреді», - деп жазған ол.

Даулы оқиғадан кейін Атырау облыстық полиция департаменті қызметтік тексеру бастады. Ведомство қызметкер тарапынан заңбұзушылықтар расталып, оған қатысты тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады. Сондай-ақ, полиция өкілдері енді жеке құраммен әлеуметтік желідегі мінез-құлыққа қатысты қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.